Халықты жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттағы басым бағыт

22:00, 11 қаңтар 2017   38

Елімізде келер жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі.   Ондағы мақсат жұмысқа қабілетті,  бірақ  жәрдем алатын азаматтардың 70 пайызын жұмыспен қамту арқылы тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеру.

2018 жылдан бастап іске асатын әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесіне берілмек. Оны алушылар бір ғана пакет құжаттарды жергілікті органға тапсырса жеткілікті.  «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруда қолға алынып отырған мемлекеттік қолдау жүйесі көмекке мұқтаж отбасының барлық әлеуметтік сұрақтарын шешуді көздейді. Көмек әр отбасы мүшелерінің еңбекке деген қабілетін ескере отырып  тағайындалады.  Яғни ол  шын мұқтаж отбасыларына беріліп, көлемі көбейеді.  Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылып, арнайы білімі жоқ азаматтардың мамандық алуына мүмкіншілік береді.

Райкүл Талқанбаева, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  3 жәрдемақыдан құралады. Бірінші арнайы мемлекеттік жәрдемақы. Екінші атаулы әлеуметтік көмек және үшінші 18 жасқа дейінгі балалар  жәрдемақысы.  Ол екіге бөлінеді. Шартты және шартсыз болып.  Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтуды көздейді

Қазіргі таңда осы өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.   Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері  18  мемлекеттік стандарт бойынша қызмет көрсетеді.  Олардың 10 түрін «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады. Бұл тұрғындардың қызметтерге қолжетімді болуы  үшін қолға алынып отырған шаралар.

Айгүл Сапаралиева, Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің бас маманы

Бастапқыда  бізге халыққа қызмет көрсету корпорациясынан құжаттар электронды түрде түседі.  Базаға. Сол әрбір құжат бойынша азаматтардың өтініштерін жіті тексеріп, дұрыс болмаса қайта жіберіп, сосын тағайындаймыз.

Жалпы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында қазіргі таңда Тараз қаласында  кешенді жұмыстар  қолға алынуда. Былтырғы жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы арқылы  148 адам жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін бастаған.

 

Шерхан Абделиев, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар  қызметі»

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40