ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

«ХҚКО-дағы жұлдыздар»

20:30, 11 қазан 2018

Бүгін шаһардағы №5 халыққа қызмет көрсету орталығында «Жұлдыздардың ХҚКО-дағы бір күні» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында аталмыш мекеме мамандарының орнына әзіл-сықақ театрының актері Арман Жаналиев тұрғындарға қызмет көрсетті.

Арман Жаналиев мемлекеттік қызметкер ретінде азаматтарға жан-жақты кеңес беріп, қоғамдық ортада қалай жұмыс істей алатынын көрсетті. Сондай-ақ, тұрғындарға орталыққа келмей-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ақпарат алуды, цифрлық қызметтің артықшылығы жайлы және ұялы телефон көмегімен кез-келген уақытта кеңес алу сияқты бірнеше пайдалы қызметтер жайында ақпарат берді. Жалпы іс-шара республика көлемінде барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуде. Ал «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалында аптаның алты күнінде таңғы сағат 9.00- ден кешкі сағат 20.00-ге дейін барлығы 19 фронт-офис, 1018 қызметкер жұмыс істейді. Бұл бағытта  жыл басынан бері тұрғындарға 120 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Арман Жаналиев - әзіл-сықақ театрының актері

К.Шәмші

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
14:36, 19 маусым 2019
ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...