Инвестиция тарту – игілікті істің кепілі

19:00, 17 мамыр 2017   125

Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті. Жиынға қатысқан жауапты сала басшылары қазіргі таңда осы мәселе бойынша облыс көлемінде  атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, алдағы міндеттерді ортаға салды.

Жамбыл облысының әлеуметтік – экономикалық жағдайын одан әрі дамытып, ілгерілетудің бірден бір тетігі – өңірге инвестициялар тарту. Оған қоса, кәсіпкерлік саласына барынша қолдау көрсету қажет. Бұл ретте облыста «Жамбыл облысының инвесторларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» құрылған болатын. Қазір осы орталық бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Орталық басшысы жиында техникалық және рұқсат құжаттамаларын алу бойынша көрсетілетін көмек туралы баяндады. 

Жиында сондай-ақ, «Тараз» химиялық паркінің басшысы арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына жер телімдерін бөліп беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, облыс орталығында «Тараз металлургиялық зауыты» негізінде жеке индустриалды аймақ құрудың маңыздылығы жөнінде айтылды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ұзындығы5 шақырымды құрайтын «Жаңатас-Шымкент» айналмалы тас жолы мен Жаңатас қаласынан «Еурохим Қаратау» серіктестігіне дейінгі ұзындығы 25 шақырым кірме жолдардың құрылысының жайы  да осы кеңес отырысында белгілі болды.

 

Аягөз Тілеуханқызы «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40