ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР

20:00, 18 қыркүйек 2019

 

«JAMBYL» телерадиоарнасы жаңа маусымды бастады.  Көрерменге тарту ретінде тақырыбы жан – жақты, арқалаған жүгі салмақты  7 тележоба біртіндеп эфирге шығып жатыр. Сонымен қатар, жаңалықтар түрленіп, студиялар жаңғырып, жаңа жүргізушілер  қатарға қосылуда.  Биыл отыз жылдық белесті артқа тастайтын аймақтың басты арнасының тартулары мұнымен шектелмек емес. Ол туралы облыс орталығындағы   «Достық» үйінде өткен  тұсаукесер жиында кеңінен айтылды. Маусымашар салтанатынан Аягөз Тілеуханқызы жалғастырады. «Достық үйіндегі»  думан басқалардан өзгерек. Аймақ айнасы -«JAMBYL» телерадиоарнасы жаңа маусымда жұртқа ұсынатын  тың дүниелерін ресми жариялау үшін журналистер мен қаламгерлер және зиялы қауым өкілдері шақырылды.  Келген қонақтарды оркестр сән-салтанатымен, әуезді әуенмен қарсы алып жатыр. Төл телеарнаның бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтап келгендердің қарасы қалың.

Бекет МОМЫНҚҰЛ – «JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ  

Телевизия өнімдерінің  маусым сайын  жаңарып тұруы бұл – қалыптасқан дәстүр, заман талабы.  Көрермен көңілінен шығатын, замана сұранысына сай дүние жасап шығару – телеарна ұжымы үшін үлкен жауапкершілік.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ – «JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ

Көпшілікке «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясына қарасты телерадиоарналардың тың жаңалықтары қысқаша бейнероликтер арқылы таныстырылды. Айта кетейік, биыл Жамбыл арнасына 30 жыл болса, радиосына 100 жыл толып отыр.

Аймақта алар өз орны бар «JAMBYL» телеарнасының бұл жаңа маусымда да өз көрерменіне ұсынар тың жаңалығы көп. заман талабы, өмір ағысына сай жаңа хабарлар эфирге жол тартады. Бүгінгі жаңа маусымның ашылу салтанатында келген қонақтарға сол бағдарламалардың бағыты мен бағдары таныстырылып, телеарна ардаегрлері жаңа леппен жұмысын жалғастырғалы отырған телеарна ұжымына сәттілік тіледі.

Қалыбек АТЖАН – ТЕЛЕАРНА АРДАГЕРІ

Биылғы жаңа маусымда жамбылдықтарға жеті жаңа жоба жол тартпақ.. Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі кеңес те беретін, алуан айдары бар  «Таңғы тайм», «Түскі тайм», «Кешкі тайм» күн сайын көрерменмен қауышады.   Сондай ақ, арна журналистері «Туған мекен»ді таныстырып,  «8- аймаққа» сапар шегеді. Ой-лайк ток шоуында түрлі мәселелерді бірге ойлаймыз. Елге белгілі тұлғалардың құпиялары «8- қыр» жобасында  танылса, аптаның басты жаңалықтары – «Сарап-таймда» түйінделеді.   Ал, «Жаңалықтар қызметі» енді  «Жамбыл ньюс» деп аталмақ. Тәулігіне төрт мәрте тікелей эфирге шығады.  Сәйкесінше, су жаңа студия, жаңалықты жүргізудің өзгеше стилі, жаңа дикторлар. Тәуліктің қай мезгілінде де тыным таппайтын телеарна ұжымының тірлігіне мәртебелі меймандар сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА – ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Төл арнаның тың жаңалықтары мұнымен шектелмек емес. Эфирде сондай-ақ, Шерхан Мұртазаның ой толғамдары  қысқаша бейнеролик ретінде көрсетіле бастайды. Заман көшінен қалмай, дамылсыз дамып жатқан телеарна көрермен сұранысын қанағаттандыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар