ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:34, 12 шілде 2019

«JAMBYL» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен филиал директорының міндеті енді, танымал журналист Мейіржан Әлібекұлына жүктелді.

Биыл 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған  қара шаңырақ телеарнаның 11- ші басшысын  бүгін ұжымға таныстыру салтанаты  өтті.

Жамбыл   филиалы  ұжымына  жаңа басшыны  корпорация төрайымының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали таныстырды. Мейіржан Әлібекұлы еңбек жолын «Қазақстан-Атырау» телеарнасында бастаған. Бір жылдан соң-ақ, Ұлттық арнаның Алматы бюросына, одан кейін Астана дирекциясына шақырту алады.  Танымал тележүргізуші, қарымды журналистің Әулиеатаға қадамына телеарна ұжымы сәттілік тіледі.

Жиынға қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова аймақтағы басты арнаның ақпарат айдынындағы ерекше рөлін атап өтті. Бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, сәттілік тіледі.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа қызметке кіріскен директор «Көрерменнің  талабы мен талғамына сай даму жолында тер төгіп,   ұжыммен береке мен бірлікте жұмыс істеу» басты мақсаты екенін атап өтті. Қазақстанның  Ақпарат саласының үздігі,  "Халық сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің лауреаты М. Әлібекұлының білімі мен тәжірбиесі  «JAMBYL» арнасына жаңа жетістіктерге бастайды деп сенеміз.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Өміртай ЫБЫРАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ» 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар