ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

09:32, 10 қаңтар 2019

«Нұр Отанның» партиялық кадрлық резерв мүшелеріне қойылатын талаптар күшейетін болады. Әулиеаталық партия өкілдері арнайы алқалы жиын өткізді. Жаңа  қабылданған ережеге сай іріктелген резерв мүшелері партияның қандай жүгін арқалайды? Алдағы бағыт бағдары нақтыланып, жұмыс барысы түсіндірілді.

Байзақ, Жамбыл, Жуалы ауданы мен Тараз қаласынан сақадай сайланған партиялық резерв мүшелері қалалалық мәдениет үйінде кездесті. Әр саладан іріктелген азаматтар енді тек қана партия жұмысында ғана белсенді емес, өңірдің әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық дамуына айрықша үлесін қосатын болады

Ерқанат Манжуов – «Нұр Отан» партиясының ЖОФ төрағасының бірінші орынбасары

Жанәділ Оспанов – «Нұр Отан» партиясы ЖОф ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Басқосуда партияның 20 жобасы қайта назарға ілікті.  Мәселен, ертеңнен бастап, «Мектептегі асхана»жобасы бойынша рейд басталады. Сондай – ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамдық көліктердегі кедергілер де бақылауда болады. Ал, облыс бойынша 891 жалғыз басты қария «Ардагерлерді ардақтайық» жобасымен қамқорлыққа алынады. Осы және өзге де істер партиялық резерв үміткерлеріне жүктелген жүктемелер парасының бірі ғана.

Жанар Орынбаева – Жамбыл политехникалық колледжінің директоры

Әрбір  белсенді нұротандық тоқсан сайын есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап тұруы тиіс. Бұған қоса, мониторинг жүргізіліп, арнайы рейтингпен бағамдалады. Бастысы билік пен халық арасында ашық алаң көпірі салынып, нәтижесінде өңір гүлденуіне серпін берері даусыз.

Назима Дәрменқызы, Асқар Әділ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖУАЛЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:25, 14 наурыз 2019
ЖУАЛЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫСУ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
16:34, 14 наурыз 2019
САРЫСУ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...