ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЙРАТКЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

19:26, 18 маусым 2019

 Бүгін белгілі қаламгер- журналист , қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның туған күні. Осыған орай,   Дінмұхамед Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қарымды қаламгерді  еске алу іс шарасы  өтті. Толығырақ әріптесім Шарафат Отар әңгімелейді.

Арғынбай Бекбосын журналистикамен қатар   Қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосты. Әсіресе драмматургия мен шығыс шайырларын  аударуда сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Сонымен қатар,  ол парламент депутаты ретінде де еліміздегі өзекті мәселерді көтеріп, оңды шешімін табуға өз үлесін қосты.

 Арғынбай Бекбосынұлы еңбек жолында айшықты із қалдырды. «АҚ ЖОЛ»  газетін алға бастырып, журналистика мен әдебиетте талай жасқа жол ашты.  Осылайша жүрегі кең азамат аймақта өнер мен руханияттың өркендеуіне өріс ашты.  

Алаш ардақтыларының мектебінен тәрбие әрі қуат алған Арғынбай Бекбосын өзінің өмір­баяндық тарихын халық жүрегінде адал жазып қал­дырған, ардың жүгін арқалаған тұлға болып қалды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...