«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда

17:13, 17 тамыз 2017

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен облыста «Қайырымдылық керуені» акциясы басталған болатын. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға шынайы қамқорлық көрсетуді мақсат еткен керуен мүшелері Шу ауданына барды. Іс-шара аясында Жаңа жол ауылында этномәдени бірлестік жетекшілерімен және медиаторлармен кездесу өтіп, түрлі тақырыпта әңгіме қозғалып, жомарт азаматтар мұқтаж тұрғындарға көмек көрсетті.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ұран қылған керуенді Жаңа жол ауылының  белсенділері мен жастары қарсы алды. Мұнан соңкөпшілік басқосқан жиын өтті.Оған жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен  ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер келді. Ұйымдастырушылар оларға азық-түлік пен түрлі сыйлықтарды табыстады.Қайырымдылық керуенінің келуіне орай  орта мектепте бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кенжебай Өмірбеков, Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің әдіскері

Біз бұға дейін Жамбыл, Байзақ және Сарысу ауданында болдық. Керуеннің негізгі мақсаты Елбасы мақаласының міндеттерін  халыққа жеткізу. Оның ішінде әсіресе, қайырымдылық іс-шараларын көбейту. Өйткені, ел арасында мейрімділік, көмек жандарға қолдау көбейсе, ол қоғам ішіндегі бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізбек.

«Қоғамдық келісім»  ғылыми-сараптамалық топ мүшелері азаматтардың қоғамдық жағдайларға деген көзқарастарын анықтау мақсатында  шағын тренинг өткізді. Бұл күні «Медиация және оны қолдану тәсілдері» тақырыбында ой қозғалып, медиаторлар түрлі мәселелер бойынша азаматтарды жекелейқабылдады. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері ауылдың беленді жас азаматтарымен кездесу өткізіп, еркін форматта әңгіме құрды. Этномәдени орталық өнерпаздары көпшілікке концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Владимир Васлер, Жамбыл облыстық неміс этномәдени орталығының өкілі

Қайырымдылық жасау игі іс. Қамқорлық көрсету ол мәселелердің шешілуіне ғана септігін тигізбейді. Қайырымдылық халықтарды біріктіреді. Жастардың мейірімділігін оятады. Мұндай істе ұлтқа, дінге, жасқа ешқашан бөлінбейді. Және қайырымдылық тек қаржылай көмекпен шектелмейді. Бір адамға жылы сөз айтып, көңілін көтерсеңде, жақсы іске жатады. Біз бүгін өз өнерімізбен тұрғындарға көтеріңкі көңілкүй сыйладық деп ойлаймыз.

Көпшілік түрлі спорттық ойындардан жарыс өткізіп, саламатты өмір салтын ұрандатып, бір серпіліп те қалды. Айта кетсек, аталған керуеннің басты мақсаты рухани жаңғыру мақаласындағы «100 жаңа есім» жобасы аясында өткізілуде. Керуен мүшлері мұнан соң Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарына барады. Онда тұрғындарға мақаланың маңызы түсіндіріліп, әр аймақта жомарт жандар мен түрлі саладағы белсенді ауыл азаматтардың есімдерінің тізімі  жинақталмақ.

Мархаббат Көпбосынова, Аягөз Тілеуханқызы, Жұмахан Төлеуұлы, «Жаңалықтар қызметі» Шу ауданынан.

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...