ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

15:26, 4 маусым 2019

Байзақтық кәсіпкер көп балалы анаға 3 бөлмелі үй сыйлады.  Өткен аптада ғана осы ауданның жомарт жүрек кәсіпкері жалғыз басты анаға 5 бөлмелі пәтер сыйға берген болатын. Енді міне  қайырымдлылық  жалғасын тауып отыр.

Ақшолақ ауылының тұрғыны Жадыра Алдамжарова тура балалар күніне орай баспаналы болды.  15- жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп жүрген  көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ.  Үш бөлмелі үйдің  кілтін алған күміс алқа иегері  қайырымдылық жасап, көмек қолын созған кәсіпкерге алғысын жеткізді.

Жадыра Алдамжарова -

Қазір орта және шағын бизнестің дамуына біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Міне сол мүмкіндікті молынан пайдаланып жүрген жергілікті кәсіпкер Жанат Қарқынбаев қарымта ретінде тұрмысы төмен жандарға қайырымдылық көмекті де жиі көрсетеді.

Жанат Қарқынбаев   -

Көпбалалы отбасының қуанышын бөлісуге келген ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер де жомарт жандардың игі істеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. қайырымдылық эстафтесаы жалғасын таба береді деген үміт бар.

Еламан Мәңкеұлы, С. Жұмабек «Жаңалықтар қызметі» Байзақ ауданы

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар