ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

18:32, 22 тамыз 2019

 

Тараздың  шалғай аудандарындағы жолдар да жөнделе бастады. нақтырақ айтсақ, Шалғай қарасу, Тайвань, Арай алқаптарындағы  жарамсыз жолдар қайта қалыпқа келтірілуде. Тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалық жаяу жүргіншілер жолы да салынбақшы. Жұмыстың жай -жапсарын тілшіміз Аян Ермекұлы да көзбен көріп келген еді.

Бұл Прибалхашскаядан  Анарбаев көшесіне дейін жөндеу көріп жатқан ұзындығы 520 метрлік көше. Бұған дейін асфальт атаулыны көрмеген шағал жолдарынан енді шаң шықпайды. Өйткені, тегіс жол мұндағы тұрғындарға да бұйырды. Ал, оқу уақыты  басталғанға дейін  жол бойынан жаяу жүргіншелерге де арнаулы орын даяр болмақ .

 

Айта кету керек, биылғы жылы шаһарда орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын «Тайвань» мен «Арай» алқаптары. Сондай-ақ,  жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге көпқабатты тұрғын үйлер маңындағы  жол жабындыларын жөндеу жұмыстары да атқарылады деп күтілуде.

Дамир АЙМАНОВ ЖКХ ЖОЛ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 

Бұған қоса, бүгінде Таразда 1831 көше жолдары бар болса, оның ішінде  870 шақырымы жөндеуді қажет етіп тұр.  Ал,  құрылыс жұмыстарының басталғанына төрт күндей болды. Әзірге жұмысшылар қарқыны да жаман емес. Кейбір белгіленген нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанымен, мердігер компаниялар межені мерзімінен бұрын аяқтап қалуы мүмкін.  

\Биылдыққа шаһарда 38 жоба бойынша, 78 шақырым жолды жөндеп біту жоспарланған. Ал, қазіргі уақытта жұмыс қауырт жүруде. Қажетті техникалар мен адамдар көптеп жұмылдырылыпты. Енді күн суытқанға дейін белгіленген межелі жұмыстар аяқталады деп күтілуде.А.Ермекұлы, Б.Мықтыбайұлы «Жаңалықтар қызметі»\

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...