ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

18:59, 15 ақпан 2019

Бүгін алтыншы шақыртылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде  қалалық Қоғамдық кеңестің құрамы 17 адам болып қайта бекітілді. Алқалы жиында Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов әлеуметтік көмек көрсету үшін арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мәслихат сессиясында Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың тізбесін айқындаудың Қағидалары сараланды. Ол туралы қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 28 қарашадағы шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, бұдан былай мұқтаж азаматтарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлігіне жол жүру ақысына 1 АЕК, яғни 2525 теңге төленбек.

Шолпан Малшибаева ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сонымен қатар, сессияда  Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай  Ауған соғысының ардагерлеріне бір реттік берілетін атаулы көмекті 2 есеге көбейту ұсынылды. Бұл ретте ардагерлерге  30 мың теңге, ал, ауғанда  қаза болған азаматтардың отбасыларына 15 мың теңгеден тағы да қосымша үстемақы төленбек. Өз кезегінде қала әкімі мәслихат депуттаттарын әлеуметтік аз қамтылған және  көп балалы аналарға қолдуа көрсетуге шақырды. Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша 215 көп балалы отбасы тіркеуге алынған.

Ғалымжан Әбдірайымов ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сессия барысында  Қоғамдық кеңестің құрамы 17 адам болып қайта бекітілді. Төрағалығына Қаржаубай Бекболатов бір ауыздан сайланды. Алдағы уақытта қоғамдық кеңестің мүшелері арнайы комиссия құрып халықпен тығыз жұмыс жасаймыз деп сендірді.

Райхан Шәлібекқызы, Өміртай Ыбырай  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар