ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

Қант қызылшасын жинау науқаны жүріп жатыр

14:00, 9 қараша 2017

Шу ауданында биылғы жылы 1550 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Қазір Шулық шаруалар сол егілген өнімді жинау науқанын аяқтауға жақын.

Шу ауданында биылғы жылы 95 гектар жерге қант қызылшасын еккен «Смарт Агро Қарқара» серіктестігі қазір техникалық дақылды жинау жұмыстарына кіріскен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы суғарылған тәтті түбірдің шығымы да жаман емес. Олардың кейбірі 10 келіге дейін тартады.

Қуат Көпжасарұлы, агроном

Бізде биылғы жылы арамшөптер проблема болды. Бірақ, оған қарамай жұмыс істедік. Қалғанының бәрі жақсы. Целитрасы мен өзге де минералды тыңайтқыштарын уақтылы бердік

Жалпы, Шулық шаруалардың басым көпшілігі биыл қант қызылшасының авантаж тұқымын егіп отыр. Мұның қанттылығы өте жоғары. Белбасар ауылы маңында егілген қант қызылшасы алқабында қазір жергілікті ауыл тұрғындары да жұмысқа тартылған.

Әлихан Балқыбеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары

Негізінен біздің аудан толығымен авантаж тұқымын сеуіп отыр. Оған екі жылдан бері шаруалар да үйреніп қалды. Оның үстіне тұқымның 70 пайызын мемлекет субсидиялайды

Тілші: Шулық шаруалар жиналған балтамырды Меркі қант зауытына тасмалдайды. Онда баға 18 теңдеген. Оның 8 теңгесін зауыт төлесе, қалған 10 теңгені мемлекет субсидиялайды. Бұл шаруалар үшін үлкен көмек болып отыр.

 

Айбол Қарашев, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар