Қант қызылшасын жинау науқанын жүріп жатыр

15:53, 14 қараша 2017

Биылғы жылы Меркілік шаруалар 2334 гектар жерге қант қызылшасын егіп одан мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда «Сыпатай батыр», «Трансфер» және «Жылыбұлақ» секілді ірі шаруашылықтар жұмысты түгелімен аяқтады. Аудандағы қант қызылшасының өнімділігі орта есеппен 268 центнерді құрап отыр.

Меркі ауданында биыл қант қызылшасын 53- шаруақожалық екті. Қазіргі уақытта оны жинау жұмыстары 70 пайызға аяқталды. Шамамен балтамырдың 1535 гектары жиналып, Меркі қант зауытына өткізілді. Мәселен: «Сыпатай батыр» серіктестігі 200 гектар жерге қант қызылшасын отырғызып, одан 11648 тонна қызылша алды. Осы шаруашылықта 5 жылдан астам жұмыс істейтін агроном Хайруддин Бадалов тәтті түбірдің нағыз табыс көзі екендігін айтады.

Хайруддин Бадалов, агроном

3 рет минералды тыңайтқыш бердік. Негізінен қызылшаның авантаж тұқымы себілді. Сонымен қатар, аздап Немістің КВС, Навелла және Тайфун тұқымдарын сеуіп көрдік. Жалпы, өнім көлемі жаман емес

«Сыпатай батыр» шаруақожалығында қазір қант қызылшасын жинау науқаны түгелімен аяқталды. Жалпы, өнім көлемі де биыл өте жоғары болды дейді серіктестік басшысы. Ол осында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан жұмысшылардың арқасы. Қант қызылшасы басқа да дақылдармен салыстырғанда үнемі суғарып тұруды, оны күтіп баптауды қажет етеді дейді 25 жыл осы салада еңбек етіп келе жатқан ауыл тұрғыны.

Ботагөз Беркімбаева, жұмысшы

Бұрын гектарына 300 центнерден ғана өнім алатынбыз. Қазір техника дамыған заман. Адам азайды. Керісінші техника саны артты. Бұл шаруаға да тиімді.

Қант қызылшасын өткізу үшін Меркілік шаруалар ешқайда сабылмайды. Сондықтан да олар келер жылы өнім көлемін одан ары арттырмақ ниетте. Себебі, Меркі қант зауыты қазір модернизациялау жұмыстарынан өткен. Бұл серіктестік келер жылы қант қызылшасы алқабын 300 гектарға дейін ұлғайтады. Өйткені, ол үшін облыс әкімдігі тарапынан қазір толық жағдай жасалып отыр. Тіпті, жанар- жағармайды да төмендетілген бағада алады.

Қанат Шайхиев, еңбек адамы

Жанар –жағармай бағасына облыстың көмегі зор. Біздің шаруашылық күзгі жиын терінге 100 тонна жанар –жағармай алды. Оның бағасы 120 теңгеден айналды. Ол бізге үлкен көмек

Жалпы, Жамбыл облысында биыл 9500 гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын. Оны жинау мен өнім алу көрсеткіштері жөнінен Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Қордай аудандары алда келеді.

Айбол Қарашев, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...