ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРИЯСЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ОЗАР

21:10, 6 наурыз 2019

Қарттар біздің қазынамыз. Дәл осындай тақырыпта бүгін қалалық нөмірі екінші қарттар үйінде концерттік іс-шара болып өтті. Онда ардагерлер ансамблі арнайы барып, ұлттық әндерімізді орындап қайтты.

8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңы аясында өткізілген шара ерекше сипатта бастау алды. Ансамбль мүшелері аналар қауымына  қазақи әндерді тарту етіп, көңілдерін көтерді. Сондай-ақ, мұндағы қарияларды ұлтқа бөлмей, бәріне бірдей ықылас танытты. Бірге ән айтып, түрлі аспаптарда ойнады. Айта кету керек, қаламыздағы ардагерлер ансамблінің құрылғанына да сегіз жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде олар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келген. Ал, топ мүшелерінің барлығы да ауыл – аймақтардан құралған. Жетекшілерінің айтуына қарағанда қарттар үйіне концерттік іс-шара ұйымдастыру бұрыннан бері ойда болған.

 Жақсылық ДОСАЕВ   АРДАГЕРЛЕР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар