ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

19:20, 1 қазан 2019

1-ші қазан қарттар күні. Атаулы күнге орай, өңірде бірқатар игі іс-шаралардың легі жалғасуда. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков саябағында өтті.  Бүгін  онда мереке иелеріне арналып  кеш ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама тарту етілді.

 

Бұл игі дәстүрді Облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері де жалғастырды. Таңсәріден  қала ішіндегі үйлерді аралап, қарияларға мерекелік құттықтаумен қатар, сый-сияпаттар табыс етті.

Көп жасаған қартың болса жазып кеткен хатпен тең. Ия, бүгінгі мерекелік шара осылай басталды. Саябақта сән–салтанаты келіскен қариялар, аспаптарын құшақтаған оркестр. Ал, қарты бар елдің, қазынасы бар дегенді ескерген жергілікті билік өкілдері оларға деген  ыстық ықыластарын білдірді.

Қазірде аймақта 120 –мыңнан астам зейнеткер бар. Оларға атқарушы билік тарапынан  тиісінше  көмек көрсетіліп отырады.  Бүгінгі мерекелік шарада қарттарға барынша сый-сияпат жасалды.  

бөлек, «Нұр  Отандықтар» да бұл күннен қалыс қалмады. Саяси кеңес мүшелері 200-ден астам ардагерлерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Ал, мереке қарсаңындағы тартулар жалғаса бермек. Тек бұл күні ғана емес, жыл он екі ай көлемінде  қарияларға қамқорлық көрсету парызымыз, дейді билік басындағылар.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...