ШҰҒЫЛ! АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСЫМ БАҒЫТ Толығырақ

ҚАРЫЗЫҢДЫ ТӨЛЕ, БОРЫШКЕР!

18:28, 4 маусым 2019

Облыста  «Борышкер» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті. Ал 3 күннің ішінде  мемлекетке борышкерлерден түскен қаржы да аз емес. Шараның мақсаты – салынған айыппұлдарды құқық бұзушылардан барынша өндіріп алу және халықты ақпараттандыру.

Бұл көліктердің барлығына арнайы камералар орнатылған. Олар арқылы шаһардағы көлік қозғалысын реттеуге мол мүмкіндік туып отыр.  Өйткені, қозғалмалы камера көмегімен олқылықтардың алдын алу тиімді жүзеге асырылатын көрінеді. Нәтижесінде  осы күнге дейін полиция қызметкерлері 19 млн теңге көлемінде қаржы өндіріп үлгерген.  

Нұрсұлтан ӘЛІШЕВ – Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік-практикалық инспекторы   

Сонымен сот орындаушылардың шешімімен айыппұл тұрағына 223 темір тұлпар тоғытылды. Оның 104-і Тараздағы көлік тұрақтарына қойылса, қалғаны аудандарға тиесілі. 

Айта кету керек, жолда борышкерлерді ұстау шектелмек емес. Бұл іс-шара алдағы уақытта  жалғасын табатын болады. Ал сіз тәртіп сақшысы мен сот орындаушысының құрығына түсіп қалмайын десеңіз айыппұлыңызды уақытында төлегеніңіз абзал. Себебі ол қарызды ерте ме, кеш пе бәрібір төлеуге тура келеді.

К.Шәмші, Т.Терлікбаев ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
14:04, 15 шілде 2019
АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...