ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

16:14, 5 шілде 2019

Ағымдағы жылдың мамыр айында елімізде жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5% төмен және Ұлттық Банк белгілеген 2019 жылға арналған мақсатты дәлізге сәйкес келеді.  Жалпы, қаржы нарығындағы  ахуал, сондай-ақ 7-20-25 бағдарламасының жүзеге  асырылу барысы мен  заңға енгізілген кейбір өзгерістер  туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында өткен брифингте айтылды.

Халықты баспанамен қамту бағытындағы «7-20-25»  бағдарламасы жүзеге аса бастаған уақыттан бері  серіктес банктерге 2 млрд. теңгеден астам сомаға 310 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде жалпы сомасы 1 млрд.теңгеден астам сомаға 162 өтінім мақұлданып, 135 несие берілді. Баспасөз мәслихатында бас банкир мұнан өзге  Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін  төмендету шаралары туралы айтты. Еске салсақ, бұл жарлыққа мемлекет басшысы маусым айының соңында қол қойған болатын.

Евгений ШАРЫГИН – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Ал екінші бағыт - барлық қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есептен шығаруды қарастырады.  Осы айдың соңында Ұлттық банк банктермен және микроқаржылық ұйымдармен бірлесіп, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды салыстырып, түзетеді.  Есепке алынатын айыппұлдар мен  өсімпұлдарды  есептен шығару бірінші кезекте банктер мен микроқаржы ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Евгений ШАРЫГИН – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Үшінші бағытта қарыз алушыларды қосымша қорғау бойынша реттеушілік сипаттағы  шараларды қарастырады.  Онлайн кредиторлар, несиелік серіктестіктер, ломбардтар сынды реттелмейтін секторларда

тұтынушылық несиелендірудің ең белсенді өсуі байқалған,  осыған орай,  сенат барлық кредиттеу субъектілерін реттеуді және қадағалауды енгізуді көздейтін заңдар қабылдап,  Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынды. Аталған Заңға  жақында қол қойылуы күтілуде.

 

А. Тілеуханқызы, Н. Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар