ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ

20:30, 12 маусым 2018

Кеше күллі мұсылман қауымы мың айданда қасиетті қадір түнін қарсы алды. Сауаптар еселеніп жазылатын ерекше түнде, орталық Һибатулла Тарази мешітінде жиылған жамағаттың қарасы қалың болды. Нығметке толы қадір түнін біздің түсіру тобымыз да, халықпен бірге қарсы алды.

Қадір түні - жылына бір берілетін жаратқанның сиынан құр қалмайық деген халық, кеше, орталық мешітке ағылды. Облыстың бас имамы Данияр Жұмабайдың құттықтауынан кейін, құбылаға қарап сап түзеген жамағат, тарауих намазын оқыды.

Данияр Жұмабай      Жамбыл облысының бас имамы

Барлықтарымызды осы Қадір түнінде таң атқанша құлшылық жасап, осы құлшылығымызды шынайы қылуымызға Аллаһ нәсіп етсін. Адам баласыбіздің ең бастысы ниетімізге қарайды. Бүгін Қадір түні деп шынайы ниет қылып, Аллаһқа құлшылық жасаса, ИншаАлла бүгінгі түнімізді Алла Тағала қадір түні деп қабыл етеді екен.Бұл ғалымдарымыздың сөзі.Исі мұсылманның Алла тілегін қабыл етсін

Жылдағы жоспарлы бағдарлама аясында мешітке келген жамағатқа, әсіресе жастардың білім-біліктілігін арттыру үшін арнайы сұрақ- жауаптар қойылды. Сонымен қатар осы түннің қадір қасиеті, мұсылмандықтың, асыл дініміздің құндылықтары жайында уағыздар айтылды.   

Кімде-кім қадір түнін қадірлеп, қастерлесе шын мәнінде сол сауапқа кенеледі. Ал, кімде-кім қадір түнінің бар ізгілігінен, жақсылығынан мақұрым қалса, бар жақсылықтан мақұрым қалғаны дейді. Біздің жалпы айтқанда, бір жылдық қадір түні тағдыр түні болып саналатын біздің бір жылдық есеп-қисабымыздың Алла Тағаланың құзырына жететін түні мұсылман баласы ғапыл ете өткізу, бұл түнге салғырт қарау біздерге аса бір тән нәрсе емес.

Мешіттің ішіне сыймай, ауласын лықа толтырған халықты көріп көңіл қуанады. Тағдыр түні болып саналатын қасиетті кеште ізгі тілектермен бірге құран оқылып, дұға жасалып, бата берілді.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...