ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

«ҚАУІПСІЗ АУЛА» АКЦИЯСЫ

19:17, 12 тамыз 2019

Өткен аптада облыс аумағында «қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.Ұрлық пен зорлық-зомбылық дерегінің өршуіне байланысты өткізілген жиынға қала тұрғындары қатысып, олардың талап-тілектері тыңдалды. 

Айта кетейік акция ішкі істер министрлігінің арнайы  нұсқауы бойынша өткізіліп отыр. Шараның  бастауы  шаһардағы 7 мөлтекауданынында басталды.  Бұл күні тұрғындар тәртіп сақшыларымен қоса Казтелеком және күзет фирмалары өкілдерімен кездесіп, өз шағымдары мен ұсыныстарын айта алды. Өз кезегінде  күзет фирмалары пәтер ұрлықтарының алдын алу үшін бейнекамера орнату керек екенін жеткізді. Және орнату жағын кузетшілер  өздері қадағалап,төлем жағына біршама жеңілдіктер  қарастыратынын да айтты. Ал, бұл жолды тиімсіз көретін тұрғынға  жеке пәтерді қорғайтын басқа да жолдар арнайы мамандар тарапынан ұсынылды.  Еркін сұхбат алаңында     түнімен үй алдында босып жүретін бұзақылар мен маскүнемдерді  ретке келтіру мәселесі талқыланды. Айта кетейік аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.  

Мұрат ҚҰДАЙБЕРГЕН   ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар