“Қауіпсіз Тараз” тұжырымдамасы

19:28, 12 қазан 2017

9 айдың қорытындысы бойынша  Жамбыл облысы аумағында 10 мыңнан аса қылмыс тіркелсе, оның 6015-і Тараз қаласында жасалған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оны төмендету мақсатындаоблыс прокурорының тапсырмасы бойынша қала прокуратурасы  2017-2019 жылдарға “Қауіпсіз Тараз” тұжырымдамасын бекітті. Осыған орай, қала әкімі,қала прокуроры, жергілікті ішкі істер басқармасы мен өзге бірқатар құзырлы мекеме, басшылыарының қатысуыменжиын өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыс аумағында оның ішінде тараз қаласы бойынша тіркелген қылмыс саны 62,5 %-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіш басқа қалаларда 50- % дан аспайды. Сондай-ақ, қаламызда аса ауыр қылмыс саны 28 %-ға өскен. Қылмыс санының артуына әсер етуші негізгі факторлар жұмыссыздық мәселесі, қалада бақылауға алынбаған аудандағы аулалар болып отыр.Бұл аталғандардың барлығы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған түбегейлі іс-шараларқабылдауға, яғни арнайы тұжырымдама әзірлеуге алып келіп отыр. Осыған орай, бүгін қала прокуратурасы  2017-2019 жылдарға арналған “Қауіпсіз Тараз” тұжырымдамасын таныстырды.

Бекзат Сеилханов, Тараз қаласының прокуроры

Бұл Тараз қаласы әкімі Рүстем Рысбайұлының қолдауымен осындай тұжырымдама бекітуге келіп отырмыз.Себебі, ең бастысы бұл ішкі істер органдарының проф-лық жұмысы.  Сондықтан, қазіргі жағдайда жергілікті пол-я әкімге есепті болғандықтан қала әкімдігінен басқармаларын жинап отырған себебіміз осы.

Жиын барысында ішкі істер басқармасы мен жергілікті полиция басқармасы міндеттерін  толық атқару үшін қызметкерлерді аудандарға  дұрыс бөлу тапсырылды. Сонымен қоса, аталмыш тұжырымдамада қала әкімшілігімен келісіліп тиісті қаражат бөлінетін болады. Айта кетелік, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, қала аумағында жекеменшік ғимараттардан басқа жерлерде 200-ден аса бейнебақылау камералары орнатылған.Оның 180-ні автакөлік жолы бойындағы тәртіпті бақылау мақсатында орнатылып отыр.Енді, “Қауіпсіз Тараз” тұжырымдамасы шеңберінде қаладағы құқық бұзушылықтың алдын алумен қатар, қала аумағында орналасқан 700-ден аса аула бақылауға алынады. Бұдан күтілетін нәтиже де көніл көншітерлік. Соның арқасында құқықбұзушылық 30 %-ға төмендейді, дейді мамандар.

Нұртаза Шоқатаев, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар