ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ИГІЛІК

15:11, 11 қаңтар 2019

Қыстың көзі қырауда табиғаттың тосын мінезінен сақтануға толық  кепілдік жоқ. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері брифинг өткізді. Онда сала мамандары қазіргі уақытта тиым салынған аймақтарға шығу, өз бетінше балық аулау,  сынды жағдайлар өмірге қауіпті екендігін атап өтті.

Расында, қыс мезгілінде төтеншеліктердің төтеннен шығар  тірлігі көп.  Өйткені судан, қар көшкінінен, тіпті көмірдің улы газынан да адам өміріне келер қауіп бар. Осыған байланысты енді арнайы жасақтан құрылған топ, үнемі рейд жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.

Бақыт ЫСҚАҚОВ –ТЖД «ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/ Қазір біз рейд жұмыстарын бақылауға алдық. Тұрғындарға арнайы ескерту парақшаларын да таратып бердік.  Мысалы, биылғы жаңа-жыл мерекесі қарсаңында екі рет рейд жүргіздік.

Біздің өңірде қар көшкіні жүретін бір ғана қауіпті жер ол әрине Жуалы ауданының таулы аймағы.  Бірақ, төтеншеліктер қандай қауіп келсе де дайынбыз, осыған байланысты қазірдің өзінен аудан әкімдіктерімен байланысты нығайтып, халықтың қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын да ескертіп жатырмыз-дейді.

Бақыт ЫСҚАҚОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД «ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/Сонымен қатар, үйдегі пешті де қараусыз қалдырмау кзерек. Оның да салдарынан газға улан немес өрт жағдайлары орын алуы мүмкін. Мәселен осыған байланысты өткен жылы 690 өрт оқиғасы тіркелген./

Мұнан өзге облыстық және аудандық жедел штабтары құрылған. Департаменттің дайындық шараларының жоспарлары бекітіліп, мобильдік жедел тобы мен техникалар сақадай сай тұр. Әзірге табиғаттың тосын мінезінен келер қауіп те, қорқынышта жоқ. Бұл жауапты сала мамандарының бізге айтқан сөзі.

Н.Сембеков. Өміртай Ыбыраев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...