ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ҚАЗАҚ ЕЛІ ҚАЙРАТКЕР-ҚАЛАМГЕРІМЕН ҚОШТАСТЫ

20:30, 11 қазан 2018

Бүгін көрнекті жазушы, публицист Шерхан Мұртазамен қазақ елі қоштасты. Халқы қарымды қаламгердің рухына құран бағыштап, ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласында өткізілді.

Қазақтың Шерағасын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өткізілді. Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағына жиналған жазушының жерлестері де рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.  Қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің ұлы мектебін қалыптастырған қайталанбас қайсар тұлға жайындағы қаралы хабар қалың елінің қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Облыстың зиялы қауым өкілдері Шерхан Мұртаза туралы естеліктерімен бөлісіп, елі мен жеріне сіңірген елеулі еңбектерін тілге тиек етті.

Сансызбай Жорабеков, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Халқының қамын жеген Шерағаң өмір бойы алаш абыройы үшін тер төкті. Қазақ баспасөзінің өркендеп, қанат жаюына айрықша үлес қосты. Өзекті мәселелерді өткір айтып, қазақ сөзінің айбарына айналды. Қазақ әдебиетінің, журналистикасының ғана емес, идиологиясының да қалыптасуына зор ықпал етті.

Қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрген тау тұлғаның мол мұрасы мен өнегелі ісін бүгінгі буын салмақтай білсе, кейінге ұрпаққа оны ұғу аманат етіледі.

Болат Бекжанов, журналист, жазушы

Ербол Қамбатыров,  айтыскер ақын

Қаралы жиында көрнекті жазушыға ақындар өлең арнаса, студент-жастар шығармаларынан үзінділер оқыды. Иә, шыңға біткен шынардың салып кеткен сара жолы, дара жолы үлкенге де, кішіге де үлгі. Шерхан Мұртазаның енді әлем жұлдызына айналар сәті туды. Өйткені, өткен жылы әлемдік деңгейде түрік қаламгерлерінің атын танытуға Шерағаңның ұсынылуы осының нақты айғағы. Заңғар жазушы халқымен мәңгі бірге жасай береді.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар