ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНА - 61 ЖЫЛ

20:39, 15 наурыз 2019

Қазақ телевизиясына - 61 жыл толды.  «Qazaqstan» арнасы қазір тәулігіне 20 сағат хабар таратады. Сиқырлы әлемнің алғашқы қарлығашы ширек ғасырдан астам уақытта қазақтың үні, жаңалықтың жаршысы, руханияттың жоқшысы болды.

Халықтың қазыналы шежіресін жасады. Сол кезден бері елге тұтқа болған ерен тұлғалардың бейнесі мен орамды ойлары бүгінде «Алтын қорда» жатыр. Әр қазақтың төрінде табылған көксандықтың төл мерекесі 16 наурыз күні болып белгіленген. Өйткені осы күні  ең алғаш ұлттық арна хабар тарата бастаған.

Бүгінде тамырын тереңге жайған қазақ телевизиясына 61 жыл толды. Тарихтың қойын дәптеріне 1958 жылдың 8 наурызында алғаш жұмысын бастаған. Алайда, алғашқы хабарлар желісі 16 наурыз күні қазақ даласына тарала бастады. «QAZAQSTAN» телеарнасы – қазақ телевизиясының алғашқы қарлығашы. Ең алғаш Алматы студиясынан хабар таратқан арна бұл күнге дейін еліміздің маңызды оқиғаларының куәсі болып келеді. Ол халыққа «Айтысты» қайтарды, «Тамашамен» таңғалдырды, «Күй керуенмен» көңілдің қылын шертті. Осы жылдар аралығында қазақтың «Қарызы мен парызын» өтеп, «Бары мен жоғын» түгендеді, «Қазақтың жанын» іздеп, «Мезгілі» жеткен мәселелерді көтерді.

Қалыбек АТЖАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ

Алғашында тек Алматы қаласының маңайында көрсетілген арна уақыт өте халықтың сұранысына ие болып, Қарағанды, Өскемен қалаларында станциялар ашылды. Тек радиодан хабар тыңдап үйренген халық енді әуен мен бейненің үйлесім тапқанына таң-тамаша болды. Осылайша, арнаның ауқымы кеңейіп уақыт өте шекаралас Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасында Алматыдан тараған хабар жаппай көрсетіле бастады.

Бүгінде Отандық телевизияның қарашаңырағынан талайлар енші алып шықты. Ал, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы әке мұрасына иелік еткен кенже ұлдай, қарашаңырақты құлатпай ұстап тұр.  Тәуелсіз елмен бірге дамып, бүгінде отандық телеиндустрияның алпауытына айналды. «Qazaqstan» Ұлттық арнасының қазірде құрамында 3 Республикалық телеарна,  14 аймақтық филиалы мен 30-дан астам интернет сайты, 4 радиожелісі   бар. Соның бірі 30 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатқан «JAMBYL» арнасы.

Бақытжан ӘЛІМҚҰЛОВ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Бүгінде 61 жылдық тарихы бар ТӨЛарна көрермендерімен тығыз байланыста. Жаңалықтар қызметі халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысады. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, болашақта да осы бағыттан таймай, халықтың тек ықыласына бөлене бермек.

Райхан Шәлібекқызы, Нұрлыбек Құдияров «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар