Қазаққа алғыс айту - парызымыз

22:30, 1 наурыз 2017   144

Алғыс айту күні – халықтың бірлігін, өзара сенімділігі мен құрметінің орнығуына негіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы мереке. Бұл күн – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этностардың құт сыйлаған қасиетті мекені мен кеңпейіл қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі іспетті. Жамбыл облысын мекен еткен 80 нен астам ұлт өкілдері бүгінгі мерекеде ата-бабаларын құшақ жая қарсы алған қазақ халқына ризашылық сезімдерін жеткізді.

Жамбылдық жастар мерекенің көркіне көрік қосты. «Қазақстаным» әніне флешмоб билеп, жиналғандардың патриоттық сезімін жани түсті. Бұл күні бәрінің жүзінен тек қуаныш, жылы шырай, бір-біріне деген асқан мейірімді аңғардық. Көктеммен бірге келіп жеткен айтулы мереке расымен адамдарға жылылық сыйлайтындай сезілді. Жамбыл облыстық қоғамдық келісімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында бейбітшіліктің белгісі ретінде көкке ақ көгершіндер ұшырылды. Жастар ән айтты, би биледі, қонақтарға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Экран арқылы көрсетілген бейнероликте өзге ұлт өкілдері «Қазақстанды – Отаным» деп санайтындықтарын, қазақ халқына деген зор алғыстарын айтты. Жамбыл облысындағы өзге этнос өкілдері де алғыс айту күнінің маңызы зор екеніне тоқталып, жүрекжарды лебіздерін арнады.

 «Көне Тараз» тарихи – мәдени орталығының алаңында өткен салтанатты шара кезінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.

Алғыс айту күні азаматтардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, бір-біріне деген құрметін қалыптастырып, туған ел мен жерге деген ыстық ықыласын туғызуға бағытталған. Бұл тұрғысынан алғанда, мақсат орындалды деуге толық негіз бар. Өйткені...

Қымбат Қаржауқызы, тілші:

«Ризамын, қазақ халқына!» немесе «Алғысым шексіз халқыма!». Бүгінгі алғыс айту күнінің мәні мен мағынасы осы бір ауыз сөзге сыйып тұрғандай. Мерекенің барлық құндылықтары мен маңыздылығын осы бір ауыз сөз айшықтап тұрғандай! Алғыс айту – адамгершілік белгісі. Сондықтан, шын көңілден алғыс айта жүрейік!

 

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40