ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

15:53, 12 маусым 2019

Бүгін елордада Қазақстан Респбуликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Ант беру рәсімінде мемлекет басшысына арнайы куәлік пен төсбелгі табысталды.


Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы мен Конституциясы әкелінді.Содан соң ел президенті Қазақстан халқына ант берді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ  - ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 

Ант беру рәсімінен кейін Әнұран  орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды. Осы сәттен бастап президент ресми қызметiне кiрiсті.

 Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ  - ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
 

Бұдан кейін президент қазақ елінің одан әрі дамып, бейбіт елде күн кешіп, халықтың хал-ахуалын жақсарту мақсатында 10 нақты айқын бағыттарды ұсынды. Оның ішінде бірінші кезекте халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот жүйесін реформалау,жаңа жұмыс орындарын ашып, айлық-жалақылармен қамтамасыз ету, тұрғын-үй, баспан мәскеғлесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат және өңірлерді дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды.
 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ  - ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
 

Ант беру рәсімінен кейін мемлекет басшысы ҚР Қарулы күштерінің әскери шеруін қабылдады.

Осылайша мемлекет басшысының тұрақтылық пен сенімділікте, жарқын болашаққа деген тағы бір көрінісі айқындалды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар