Қазақстанның 100 жаңа есіміне жамбылдық 8 азамат енгізілді

14:37, 7 желтоқсан 2017

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Онлайн дауыс беру арқылы жүргізілген байқау қорытындысы бойынша Жамбыл облысы республика көлемінде 3 орынды иемденсе, 102 жаңа есімдер қатарынан 8 жерлесіміз көрінді. Бүгін өңір басшысы осы азаматтарды арнайы қабылдап, құттықтады.

Аталған жобаға аймақта барлығы 257 ұсыныс келіп түсіп, министрлік бекіткен талаптарға сәйкес, 86 өтініш іріктелініп алынды. Олардың 12 сі республикалық кезеңге жолданып, 8 і жеңімпаз атанды. 26352 дауыс жинаған Сембек Сейдәзімов еліміз бойынша 102 жаңа есімнің 2 орынына ілікті. Бұл 8 азамат та тәуелсіздік жылдарында табысқа қол жеткізген, облыс даңқын шығаруға атсалысып жүрген жандар. Күні кеше Тұңғыш Президент күні қарсаңында олар Елбасының қабылдауында болып, кездесіп қайтты. Бүгін оларға туған жерінде сый-құрмет көрсетілді.

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ибраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар