ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАЗФОСФАТ» КОМПАНИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ

19:36, 18 қазан 2019

Еліміздегі химия өнеркәсібінің алыбы  «Қазфосфат» компаниясына 20 жыл толды. Өндіріске заманауи технологияны енгізу арқылы  - жаңа белестерді бағындырып жатқан кәсіпорын өз мерейтойын кең көлемде атап өтуде. Баласағұн концерт залында өткен салтанатты жиыннан Данияр Асқарұлы жалғастырады.

Қаратау қойнауындағы фосфор кені химия өндірісінің -  өнегелі өткені, баянды бүгіні, табысты болашағы. Өндіріс алыбы «Қазфосфат» осы жердегі ен байлықты игеру жолында үлкен зауыттар мен цехтардың жұмысын бір жүйеге түсірді. Бүгінгі жиынға қатысқан қонақтар мен өндіріс жетекшілері барлық жұмыскерлерді 20 жылдық белеспен  құттықтады.

Мақсұт Есенов / «Қазфосфат» компаниясының басқарма төрағасы /Сіздердің барлықтарыңызды 20 жылдық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңізге жеміс. Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Компаниямыз өркендей берсін..

Ғалымжан Есенов / «Қазфосфат» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы / Компания өндіріс нарығында өзінің ізі бар, еліміздегі басқа да үлкен зауыттар қатарында. Жыл сайын жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл алдағы уақытта да жалғасады.

Алып кәсіпорынның 2010-2020-шы жылдарға бағдарламасы бекітілген. Жоспарды  жоғары деңгейде орындап келеді. Өткен жылы облыс бюджетіне 5 млрд теңге салық төлеген. Өңір дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.

Асқар Мырзахметов / Жамбыл облысының әкімі

 «Қазфосфат» бүгінде Жамбыл облысы экономикасының 4-1 бөлігін құрап отыр. Жыл сайын фосфор өндіретін цехтардың қатары көбейіп келеді. Бұл да кәсіпорынның қарышты дамуының көрінісі. Бүгінде зауыт 6 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырса, оның бірқатары бүгін түрлі деңгейдегі медаль, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мейрам Молдашев / Жұмысшы

Компания биыл  9 айда құны 100 млрд теңгеден аса өнім өндірген. Осындай қарқынмен жұмыс жалғасса, жыл соңына 140 млрд теңгенің өнімін шығару жоспарда бар.

Мұқаш Ескендіров / «Қазфосфат» ЖШС  Бас директоры

Салтанатты жиында компанияда жемісті  жұмыс істеген 108 азамат түрлі марапаттарға ие болды.  Ел экономикасының өсуіне өзіндік  үлес қосып келе жатқан компания әлемдегі ең ірі химия алыбының бірі болып қала бермек.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...