Кедергісіз спорт

17:00, 20 сәуір 2017   249

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың ел қатарлы өмір сүруі мен  спортпен еркін шұғылдануына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі жұмыстар қолға алынуда.  Сондай игілікті істің тағы бірі жүзеге асырылды. «Тараз Арена»  спорт кешенінде суда жүзушілерге арналған арнайы нысан орнатылды. Ол арқылы дене мүмкіндігі шектеулі спортшы  бассейнге қауіпсіз түсіп, еркін жүзе алады.

Салтанатты ашылу рәсімі  арбада отырып би билеуден әлем және республика чемпиондарының  өнерімен басталды.  Мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышын еселеп, осындай суға түсуге арналған көтергіш нысандарды орнатуға «Заң мен заман» қоғамдық бірлестігі атсалысқан. Өткен жылы аталмыш бірлестік пен өзге коммерциялық емес ұйымдар қаладағы барлық нысандарда   мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізіпті. 

Бекболат ОРЫНБЕКОВ – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

үгін Тараз қаласында қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Мүгедек жандарға арнап «Заң мен Заман» бірлестігі мынандай нысан орнатып беріп отыр....../

Дене мүмкіндігі шектеулі жандардың бассейнге түсуіне көмек беретін көтергіштің лентасын  Рио-де Жанейрода өткен паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы белгілі қазақстандық жүзу шебері Зульфия Габидуллина қиды.

Зульфия ГАБИДУЛЛИНА –Паралимпиада чемпионы

іздің еш кедергісіз спортпен шұғылдануымыз үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Тіпті мына құралдың өзі біз секілді жандарға үлкен көмек. Арбамен жүретіндерден өзге, жағдайы одан да ауырлары бар, міне, солар да енді мұның игілігін көруге мүмкіндік алып отыр. Әрине олар да суда жүзгенді қалайды/.

Бұдан өзге, «Заң мен Заман» қоғамдық бірлестігімен «Кедергісіз Тараз» атты карта жасалыпты. Осы картаның көмегімен қаладағы түрлі нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар жайында анықтап білуге болады. Айта кету керек, бүгінгі орнатылған көтергіш құрал француздық өнім, дене мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен айтарлықтай көмек, үлкен мүмкіндік.

Айнұр  Зәуірбекова, қоғамдық бірлестіктің төрағасы

/Бұрындары суда жүзуге талпынысы бар болса мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолтығынан демеп, суға лақтыратын. Ол өте ыңғайсыз. Ал қазір мұндай іс-әрекеттерді қолайлы түрде жасауға болады. Менің ойымша бұл олар үшін тамаша мүмкіндік. /

Ұйымдастырушылардың айтуынша, физикалық қабілеті шектеулі жандарға кедергісіз орта құру ісі өңірде жалғасын таба бермек.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40