ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

КЕМБАҒАЛ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК

19:05, 11 қаңтар 2019

Қоғамдық көліктер қозғалысы заман талабына сай болу керек. Күнделікті жолда болатын төтенше жағдайлар мен апат санын азайту да бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Ал осы қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қаншалықты ыңғайлы? Бүгін осы мәселеге орай Нұротандықтардың арнайы жұмыс тобы қала көшелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Кембағал жандар өзгелер секілді жақсы өмір сүріп, өзін қоғамның толық бір мүшесі сезінуі керек. Өйткені бұл қазіргі заман талабы. Бас партияның облыстық филиалы жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ өкілдері Тараз қаласындағы бірқатар аялдамалардағы жағдайды көрді. Шаһардағы қоғамдық көліктерге мүмкіндігі шектеулі жандардың өз беттерімен мініп түсе алмайтыны бірден байқалады.

Бақытжан Сейіткерімов / Арнайы жұмысшы топтың жетекшісі

Қазіргі таңда облыс орталығында жолаушыларды тасымалдау үшін 41 бағытта 550-ге жуық қоғамдық көліктер жұмыс істейді. Қаладағы тек қоғамдық көліктерде ғана емес, аялдамаларда да кембағал жандарға арналған арнайы пандустар жоқтың қасы. Дегенмен, тасымалмен айналысатын мекеменің өкілдері алдағы уақытта бұл мәселеге назар аударамыз дегенді айтады.

Қайрат Өсербаев / «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-нің қауіпсіздік инженері

Ендігі уақытта Нұротандықтар жіпке тізілген олқылықтарды жауапты орындарға жіберіп, партияның «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыруда бірлесе жұмыс істейтін болады.

Данияр Асқарұлы

Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...