ШҰҒЫЛ! ЗАМАКИМА РАЙОНА ОСВОБОЖДЕН ОТ ДОЛЖНОСТИ Толығырақ

КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ

16:05, 13 қаңтар 2020

Шу ауданы Қонаев ауылында көрнекті қайраткер, ғалым, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына орай митинг өтті. Көзі тірісінде де-ақ ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналған дара тұлғаның есімі халқының мәңгі жадында. Қазақ елінің тарихында аты алтын әріптермен жазылған Дінмұхамед Ахметұлы мемлекеттің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосты. Бүгінде оның еңбектері халық игілігіне қызмет етіп отыр. Елу жыл ел ағасы болып, Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев басшылық еткен жылдары республикамыздың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен руханияты қарыштап дамыды. Еліміз аграрлы елден аграрлық-индустриялық елге, мәдениеті мен өнері, білімі мен ғылымы шарықтап өскен алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды. Еске алу жиынында кемеңгер тұлға салған сара жол мен ізгілікті істері  жайында  айтылып, аудан жұртшылығы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
20:52, 24 қаңтар 2020
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАМАКИМА РАЙОНА ОСВОБОЖДЕН ОТ ДОЛЖНОСТИ
21:11, 23 қаңтар 2020
ЗАМАКИМА РАЙОНА ОСВОБОЖДЕН ОТ ДОЛЖНОСТИ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ
21:43, 21 қаңтар 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ
Толығырақ...