ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕГІ САЛТАНАТ

21:31, 14 маусым 2019

Таразда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  аталып өтті.  Облыстың денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар дәрігерлер аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың қолынан «Жамбыл облысына еңбегі сіңген еңбегі үшін» төсбелгісін алып,    құрметке ие болды.  

Маусым айының екінші жексенбісі медицина қызметкерлері күні. Бүгінгі құрмет сол ақ халатты абзал жандардың жоғары кәсіптілігі мен, шын беріліп істеген адал еңбегінің  жемісі.  Меркелік іс-шараға аймақ басшысы  Асқар Мырзахметов арнайы келіп, дәрігерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІнің міндетін атқарушы

Бүгін медицина саласына қосқан үлесі үшін және аянбай еңбек еткен жандар  марапатқа ие болысты. Ал, дәрігерлердің міндеті қашанда адамдарға ақ адал ниетімен көмектесу, ұлт саулығын нығайта отырып, мемлекет дамуына үлес қосу болып қала бермек.

Жанар Сатыбекова №2 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі

Өңірде медициналық көмек көрсету үшін 390 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Ондағы мыңдаған қызметкерлер бүгін халық денсаулығын жақсарту жолдында еңбек етіп келеді.  

Стендап: Райхан Шәлібекқызы

Райхан Шәлібекқызы, Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар