ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ

18:51, 14 маусым 2019

Қазіргі қоғамда жомарт жүректі кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді.  Бірі мұқтаж жандарға үй сыйласа, бірі туған өлкесін түлетуге үлес қосуда. Ал, Меркі ауданында кәсіпкер баллардың жазғы демалысына арналған лагерьге үлкен асхана ғимаратын соғып берді.

Бұл кәсіпкердің аудандағы «Жұлдыз» балаларды сауықтыру лагеріне жасаған тартуы . Ескі  ғимараттың орнына құны 25 миллион теңге болатын су жаңа асхана салынды. Жаңа нысанның тұсаукесеріне аудан басшылары, ата –аналар мен оқушылар қатысты.

Бұл жерге оқушылар ала жаздай үзілмей лек-легімен демалысқа келетін болады. Ал, олар үшін жайлы да жаңа асхана- ең бастысы тазалықтың кепілі болары анық. Сауықтыру лагеріне  демалуға келген балалар мен лагерь ұжымы жомарттық танытқан кәсіпкерге алғысын айтып, гүл шоқтарын ұсынды.

Арай ТӨЛЕПБЕК – ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ


Ашылу салтанатына жиылған көпшілік жаңа ғимаратты аралап көрді. Заманауи нысан енді балалардың игілігіне айналады.  

К.Шәмші,Ләззат Серікбай, Еркін Жасыбаев ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар