ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

19:00, 5 маусым 2019

Байзақ ауданында жомарттық танытып, пәтер сыйлаушылар саны артып келеді. Жуырда ғана тұрмысы төмен екі жанұя баспаналы болды. Бүгінде қайырылымдылық шарасы өз жалғасын тауып, Тегістік ауылының тұрғынына 4 бөлмелі үй сыйға берілді.

Бес баланың анасы Эльмира Әлімқұлованың қуанышында шек жоқ, көптен күткен баспанаға ие болды. Жұбайы ақылы қоғамдық жұмыста, ал өзі бала күтушісі болып жұмыс жасайды. Табысы мардымсыз отбасы үшін бұл үлкен сый.

Эльмира Әлімқұлова

Байзақ  аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Алтынбек Жамишжанов бұған дейінде қайырымдылық көрсетіп келген. Баспанаға қол жеткізе алмай жүрген отбасыға пәтер сыйлап, бүлдіршіндердің шынайы күлкісін көруден асқан бақыт жоқ дейді ол.

Жамишжанов Алтынбек кәсіпкер.

Баспаналы болған жанұяның қуанышын бөлісуге келген ауыл тұрғындары мен туыстары жомарттық танытқан кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Еламан Мәңкеұлы,  Мерей Сардаров «Жаңалықтар қызметі» Байзақ ауданы

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
20:20, 21 қараша 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...