ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

15:44, 9 шілде 2019

Шу ауданына қарасты Балуан Шолақ ауылының шаруасы  жеті балалы Дәрменбековтер отбасына баспана сыйлады.  «Қалқа» шаруа қожалығының жетекшісі Сағадат Мадалиев сол ауылдың тұрғыны,  анасының өтінішін орындап игі шараның ұйытқысы бола білді.

Жомарттықтың шегі жоқ, сауабы мол. Бұған дейін баспана азабын тартып келген Дәрменбековтар отбасында жақында ғана жетінші нәресте  дүниеге келеген еді. Айлығы шайлығынан аспайтын отағасы Қасымбектің бір арманы үй алу  болатын. Бұл ретте  Шымшық Мадалиева әжей көмек қолын созуды көптен бері ойлап жүр екен.   Сәтін салып Елорда күніне орай  сауабы мол игі іс жүзеге асты.

Осылайша Көп балалы отбасы перзентханадан жаңа шыққан нәрестесін алып жаңа қонысқа көшіп келді.  Расымен де, сауапты іске ат салысқан, кәсібінен нәсібін тапқан жігіт ағасы Сағадат Мадалиевтың жақсылығы көп – дегенді ауыл тұрғындары да айтып жүр.

Сағадат МАДАЛИЕВ  «ҚАЛҚА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ                                          

Осылайша жомарт та мейірімді жүректер көп балалы отбасына жылу сыйлады. Айта кетейік, Әулиеата өңірінде жомарттық жасаған кәсіпкерлердің қатары күн санап көбейіп келеді. 

Р.Шәлібекқызы, Жұмахан Төлеуұлы «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар