ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

18:49, 7 қазан 2019

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен  «Doing Business» рейтінгінде және басқа рейтингте Жамбыл облысының позициясын жақсарту мәселелері қаралды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев  көрсеткіштерге тоқталып, оның себеп-салдарын баяндады.

Жалпы, өңірлер арасындағы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға» негізделген рейтингі жылына бір мәрте сауалнама негізінде құрылады. Онда 4 индикатор бойынша бағалау жүйесі қалыптастырылған. Олар:  кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және меншікті тіркеу. Басқарма басшысы әр индикаторға жекелей жасалынған талдау нәтижелеріне тоқталды.

Кәсіпорындарды тіркеу индикаторы бойынша алғашқы орындағы Нұр-Сұлтан қаласымен салыстырғанда біздің  өңірдегі қызмет көрсету рәсімдері Нұр-Сұлтан қаласынан 2 бірлікке көп және құны 1,2 пайызға  жоғары екендігі анықталған.  Оған себеп - құрылтай құжаттарын дайындау үшін заңгерді жалға алу қызметі Нұр - Сұлтан қаласында көрсетілмеген, сондай-ақ  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қосымша құн салығын  төлеуші ретінде тіркеу қызметтері біріктірілген. Басқарма басшысы басқа да бағыттар бойынша орын алып отырған нәтижелердің себеп-салдарына тоқталды. Жалпы, негізгі көрсетілетін  қызметтердің өз мерзімі мен құны, ұсынылатын құжаттар тізілімінің бекітілген стандарттары  бар. Ол туралы толық мағлұматтар қызметті ұсынушы мемлекеттік органдардың сайттарында немесе  халыққа қызмет көрсету орталықтарында  орналасуы тиіс екендігін айтқан  баяндамашы кәсіпкерлерді өз құқықтарын білуге шақырды.          Асқар Мырзахметов көрсеткіштерге сәйкес, кеткен кемшіліктерге шынайы тексерістер жүргізу,  бұған қатысты мемлекеттік мекемелердің  филиалдарының  қызмет көрсету бағаларын саралап, өзге өңірлермен салыстырмалы түрде зерделеу  шараларын ұйымдастыру керектігін баса айтты. Сондай-ақ, аталмыш рейтингтің маңыздылығына тоқталып, кәсібін ашам деушілерге қолайлы жағдай жасау, монополиялық қызмет көрсету нысандарының тарифтерін жүйелеу, көрсетілетін қызмет сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне айрықша назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу барысы айрықша бақылауда болатынын атап өтті.

Жеңіс САРИЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...