ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КЕЗЕГІН КҮТКЕН ТІРЛІК КӨП

15:18, 17 маусым 2019

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев облыс орталығы тұрғындарымен кездесу жұмыстарын жалғастырды. Бұл жолы Шалғай Қарасу мен Родничек иінінің тұрғындары қандай мәселе көтерді? Толығырақ келесі бейнесюжетте...

Шалғай Қарасу алқабында кейінгі жылдары салынған жеке тұрғын үйлер көп. Ал, олардың жарық, жылу, орта мектеп пен балабақша мәселесін толық шешу қашан да күн тәртібінде. Қала әкімімен жолыққан тұрғындар да осы пробемаларды айтты.

Қайрат ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жергілікті халық пікірі мен талап-тілегін тыңдаған қала әкімі бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді. Оның үстіне қазір өңірімізде жарық пен газ, денсаулық сақтау нысандарын ашу бойынша нақты түсінік қалыптасып, оңтайлы жұмыстар жүргізіле бастады.

Қамархан БӘКІРОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Родничок иіні тұрғындарымен де дәл осындай кездесу болды. Онда да газ, су, жарықтандыру секілді өзекті мәселелер көтеріліп, оларды тез арада шешу жолдары қаралды. Шахар басшысы барлық проблеманы түртіп алып, заңды жолмен шешу бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырма берді.

 

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар