ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ

19:02, 7 қазан 2019

 

 «Бүгінгі қоғам кітапханасының жұмысын трансформациялау (өзгерту): жаңа пішіндер мен ұғымдар». Жамбыл ауданында осындай тақырыпта салмақты семинар өтті. Мұндағы мақсат: сала мамандарын жаңа жұмыс түрлерімен таныстыру, әлемдік кітапхана ісінің тәжірибесін сараптай отырып,  кітапхана қызметінің тиімділігін арттыру. Сондай-ақ,  жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын кітапханашылар арасында кеңінен дәріптеуді көздейді.

Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар директорлары, әдістемелік және қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері, кітапхана мамандары және балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін бөлім қызметкерлері қатысты. Форсайт сессияда «Цифрлы Қазақстан кітапханалар үшін – кітапхана қызметін автоматтандыру» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының іс-тәжірибелік жұмысы көрсетілді.  WEB-RABIS қызметінің тиімділігі  таныстырды. Семинар соңында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  «Тарихы терең, келешегі кемел Жамбылым» атты кітап шеруі өтті.

Шәрбану Динасилова А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық 

                       әмбебап ғылыми кітапханасының директоры

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...