ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ҚАЛЫПТАСПАҚ

18:20, 11 шілде 2018

Жаһандануға жұтылып бара жатқан бүгінгі қоғамды кітапқа қайта тартудың ең тиімді жолы – еліміздегі кітапханалардың жаңа моделін қалыптастыру. «Нұр Отан» партиясы осы бағытта «Қазақстан кітапханалары заманауи білім орталығы» жобасын іске асыруда. Осы орайда бүгін Абай атындағы орталық кітапханада жастарға арналған екі бірдей орталық өз жұмысын бастады.

Бүгінгі буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Коворкинг» және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ақпараттық білім беру» орталығы Таразда алғаш рет ашылып отыр. Мамандар қос бірдей орталықтың жастарға берері мол,-дейді. Алдағы уақытта бұл бастама өңірдегі барлық кітапханаларда ашылады деп жоспарлануда.

Бақыт ТОҚСАНБАЕВА - Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы \Негізі Тараз қаласы әкімдігіне қарасты қаламызда 8 кітапхана бар. Соның орталық жүйесі осы Абай атындағы  кітапхана. Сондықтан бірінші болып осы жерден бастау алып отыр. Негізі коворкингтің өзі бірігіп жұмыс жасау дегенді білдіреді. Және көп іс-шаралар алдағы уақытта осыған байланысты болмақ.\

Арын Асқарбеков - «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ \Коворкинг орталығы, бізде білім орталығы. Яғни, осы абай атындағы кітапханада ашылып отыр. Бүгінгі шараның мақсаты осы жерге келушілерге жаңа форматта қызметтер көрсету. Жаңа жобаны өолдана отырып цифрлы қазақстан бағдарламасына сәйкес қызметтер көрсету. \

Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттық білімін жетілдіру мақсатында шеберлік курстары ұйымдастырлып, түрлі білім беру семинарлары өтеді.  

Жазира ЖИДЕБАЙ  Белсенді жас  \Елбасының өзі айтады ғой. «болашақта интернет баласынан, кітап баласы озады деп». Сол сияқты мына біз жастарға жаңашыл бағытта жиналатын жер қажет. Осы коворкинг орталығының ашылғанына қуаныштымыз. \

Шара соңында жастар тарапынан ұсыныстар айтылып, Абай атындағы орталық кітапханасымен  «Жас Отан» Жастар қанаты өзара бірлескен меморандумға қол қойды. Ал, келешекте бұл орталық жастардың шығармашылықпен айналысатын ортасына айналмақ.

А.ЕРМЕКҰЛЫ, Т.ТЕРЛІКБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...