Қоғам дертімен күрес – баршаға міндет

20:00, 16 мамыр 2017   58

Бүгін Жамбыл облысы бойынша "Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы" дөңгелек үстел өткізді. «Билік пен қоғам өкілдерінің тығыз әріптестігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің оңды кепілі» тақырыбында өткен жиынға бірқатар құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ,  Нұр Отан партиясы мен  қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Билік пен қоғамның өзара әріптестігіне бағытталған басқосу барысында  Ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысы Ернар Мақажанов 2017 жылдың үш айында тындырылған істерді баяндап берді. Жемқорлықпен күрес бағытында атқарылған жұмыстар жетіп артылады. Десе де, бұл салық қызметкерлеріне қолбайлау бола алмай тұрған сыңайлы. Өйткені жыл басталғалы небәрі аз уақыт өтсе де, парақорлыққа қатысты Шу, Т.Рысқұлов аудандары  мен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып үлгерген. Олардың дені жеке мүлкілері тәркіленіп, айыппұлмен құтылса,бесеуі темір торға тоғытылды.

Ернар Мақажанов, «Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының» басшысы

/Айлығы аз. Қазіргі таңда олардың жұмысына байланысты қосымша ақы қосылуда. Және олармен алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл тек бір ғана дөңгелек үстелмен шектеліп қана қоймай, алдағы уақытта жалғасатын болады/

Мамандардың айтуынша, бұған себеп – жалақының аздығы. Сондай-ақ, тұрғындардың өздерінің жиі ұсынуы. Сондықтан атаулы мекеме өзекті мәселеге қатысты профилактикалық іс-шараларды қолға алды. Жағымсыз дертпен күресте қоғам мен билік біріксе, халықтың да мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастырады.

Қасымхан Төлендиев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық қозғалыс»  республикалық қоғамдық  бірлестігі облыстық  филиалының директоры

/Бүгінгі қолға алған жұмыстарыңа қолдау білдіреміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі. Мекеме-ұжым болып біріксе ғана, нәтижелі іске қол жеткізе аламыз. Оны Елбасымыз да өз мақаласында жан-жақты нақтылап берді/

Дөңгелек үстел басындағы жиында камералық бақылау басқармасының баяндамасы тыңдалып, өңірлердегі департамент өкілдерінің проблемалық сұрақтары талқыланды. Жиын соңында қатысушылар құқық қорғау және мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жолында бірге әрекет ететіндіктерін уағдаласып, меморандумға қол қойылды.

 

Гауһар Рысбай, Тоқтар Терлікбай «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40