ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

Қоғамдағы гендерлік саясаттың маңыздылығы

20:30, 13 наурыз 2018

Қазақстан 2030 тұжырымдамасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің  барлық секторларында  әйелдердің  позициясын нығайту керек екенің ерекше атап  көрсетіп, бірқатар құжаттарға қол қойған болатын.  Қазіргі уақытта нәзік жанды әйелдердің қоғам өмірінде алатын орны орасан. Олар  сан-салада белсенділік танытып, мемлекеттің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосып келеді.

Полиция қызметкерінің жұмыс барысы

Қазіргі таңда әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытып, ерлермен қатар еңбек етуде. Осындай жанның бірі полиция подполковнигі- Ақмарал Жанысова.Ол осы салада 20 жылдан бері жұмыс істеп, пейнеттеніп келеді. Қиындығы мен қызығы мол мамандықты таңдағанына еш өкінбейді.

Ақмарал ЖАНЫСОВА- ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІД АҒА ИНСПЕКТОРЫ\. Еліме осы уақытқа дейін адал қызмет етіп келемін. Әйелдердің құқығын қорғаймын, олар сол үшін де маған ризашылықтарын білдіреді. Мен өз мамандығымды жақсы көремін және өз таңдауымды  мақтан тұтамын.\

Наталья Тимофеева патронаттық ана. Ол өмірінің басым бөлігін  бала тәрбиесіне арнаған жан. Бөтеннің баласын бауырына басып, үлкен жауапкершілікті мойына арқалаған батыр ана мен үшін бала тәрбиесі барлығынан да маңызды,- дейді. Қазір балаларының алды отбасы құрып, шаңырақ көтерген. Олардан тараған  17 немересі бар .

Наталья ТИМОФЕЕВА- патранаттық ана\ Мен педагогикалық колледжді тәмәмдаған соң, балабақшаға жұмысқа кірдім. Бір күні жұмыстан келе жатып, балалар үйінің маңынан өттім. Сол жерде жалаңаяқ жүрген бірнеше баланы көрдім. Осы кезде жүрегім ауырып, балаларға деген мейірімділік оянды. Міне, қазір 15 баланы асырап тәрбиелеудемін\

Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі мақсаты әйел-азаматтардың  игі мүмкіндігін кеңейту және жағдай жасау. Жоғарыда аталған кейіпкерлер осы бағыттағы жұмыстың жемісі.

Г.Сейдуллақызы, Р.Сандыбаев  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар