ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

19:07, 15 қазан 2019

Тараз қаласы әкімі Қайрат Досаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Онда тоғыз түйткілді мәселе  талқыланып, шешу жағы жауапты тұлғаларға  жүктелді.

 

Тұрғындар аула клубтары аз дейді, жер телімдері дұрыс берілмейді. Күл-қоқысты тазалау мен жабайы ит мысықтармен күрес те көпшілік көтерген мәселенің қатарында. Қабылдауға келген азаматтардың  өтініш-арыздарын тыңдаған шаһар басшысы олардың оң шешім табуына ықпал етпекші.

 

Қоғамдық қабылдауға келгендердің мәселесі сан алуан.  Бірі жылдар бойы зарыға жеткен жер телімінің аса жоғары вольтты тоқ сымдарының астынан берілгендігіне қапалы. Осы олқылықты реттеп беруін өтінген тұрғынның өтінішін Қайрат Досаев бірден тиісті мамандарға жүктеп, дереу шешіп беруін тапсырды.  Жастар жағы «Аула клубтарының» аздығын айтып, осыған билік назар аударса дейді.

Олжас МАХАН СТУДЕНТ /аула клубтары туралы айтады/

Қайрат ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қабылдауда қойылған сұрақтардың барлығына заң аясында толық түсіндірмелер берілді. Бір басында қордаланған мәселесі көп Мадина Домалаева әкімнің қабылдауына шақырту алғанына риза. Жалдамалы пәтерде тұратын жанның айтары көп. Ауласында жабайы ит пен мысықтың қаптап кеткені өз алдына, айналадағы күл-қоқыс та дер кезінде  шығарылмайды екен. Үйінде газ құбырынан шығатын иіске тұншығып болдық, деп жыларман болған  көпбалалы ана әкімдіктен көмек сұрайды. Қыс болса,  қыр астында, жалғызбасты ананың  балаларына  киім алуға да ақшасы жоқ.  

Мадина ДОМАЛАЕВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қайрат ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әкімнің жауабына қанағаттанған қамкөңіл ана аз да болса еңсесі тіктеліп, қуанып қайтты. Жауғаш батыр көшесі, он үшінші үйдің тұрғыны Әуесхан Батырбаев екі жыл бұрын жазған арызының жерде қалмай, балалар ойын алаңшасын соғып берген әкімдікке алғысын жеткізді.

Әуесхан БАТЫРБАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /рахмет айтады/

Жанәділ ОСПАНОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алған тұрғындар, алдағы уақытта түйткілді тірліктерінің түйіні шешіледі деп сенеді. Десекте, "Қазақ жері тарихының астанасы" саналатын көне шаһарда кезегін күткен, күрмеуі қиын мәселе көп-ақ.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
20:45, 18 қараша 2019
МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...