ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚОЙ АЛЫБЫ – ГИССАР

18:10, 13 тамыз 2019

Меркі ауданында  қой өсіретін шаруа қожалығы жетерлік.  Соның бірі асыл тұқымды, әлемдегі ең үлкен қой саналатын Гиссар тұқымын көбейтумен айналысып келеді. Нәтиже жаман емес. Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны Нұрбек Құлбеков те өзінің ауласында асыл тұқымды Гиссар қойларын бағып, табыс тауып отырған жайы бар.

Ол  алғашында 80 бас қазақы  қой бағып, кейіннен оларды сатып орнына асыл  тұқымды қой бағуға бел буған. Өйткені  Гисар тұқымды қойлары тез өседі, салмақ тез жинайды және еті де дәмді келеді  екен. Айтар болсақ, бұл тұқымдас қойлар жылына екі рет төлдейді. Күзде және көктемде. Сондай-ақ, ет өнімдері де аз емес. Мәселен, салмағы 140 келі тартатын гиссардан 70 келі ет шығады. Бір гиссардың еті үш-төрт қазақи қойдың етіне татиды дейді мамандар.   Ал,  бұл ұсақ мал  түрі етінен бөлек, келбетіне қарай сынға да түскен.  Жақында Түркістан қаласында өткен  ІІ Халықарылық асыл тұқымды қошқарлар байқауында жүлделі орынға ие болған.    15 мемлекеттен 200 асыл тұқымды қошқар арасынан «Сымбатты қошқар» атанған.

Нұрбек ҚҰЛБЕКОВ, КӘСІПКЕР

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар