ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

11:10, 14 желтоқсан 2018

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Байзақ ауданына қарасты Көкөзек ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт пайдалануға берілді,  деп хабарлайды taraztv.kz.

 Мердігер «Асем Билдинг» ЖШС. Жобаның жалпы құны 61 922,3 мың теңгені құрайды. Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Жұманқұлов қатысты.  Ауыл тұрғындары елді-мекендерде осындай әлеуметтік нысандардың ашылғанына риза. Енді алғашқы көмек  осы медпунктте көрсетіледі. Бір мезетте бес келушіні қабылдауға арналған нысанда барлық жағдай жасалған. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру және ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу туралы нақты тапсырма бергені белгілі. Соның жарқын мысалы – бүгін міне,  а дәрігерлік пунктің ашылуы. Осындай қолдау көрсетіп отырған Елбасымызға үлкен алғысымызды білдіреміз- деді, Ч. Амирханов

Естеріңізге салайық,  Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылады. Оның - 7 –еуі Дәрігерлік амбулатория . 4 –еуі Жекеменшік  балабақша. 12 –сі Тұрғын үй.  Сондай-ақ, 4 ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі мен 1 кәріз жүйесі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар