ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

14:56, 15 мамыр 2019

Қазір көктемгі дала жұмыстарының қызған шағы. Облыс бойынша дала еңбеккерлері биыл 150 мың гектар жерді игермек. Бастысы мұнда әртараптандыруға басымдылық беріледі. Атап айтқанда,  дәнді-бұршақтар 278 мың майлы дақылдар 95 мың, көкөніс пен бақша дақылдары тиісінше 28 бен 11 мың гектар жерге орналастырылмақшы. Сонымен қатар,  қант қызылшасы алқабын да ұлғайту жоспарланып отыр. Толығырақ тілшіміз айтып береді.

Көктемгі дала жұмыстарына кіріскен Т. Рысқұлов ауданы биыл 600 гектар жерге қант қызылшасын орналастыруды жоспарлап отыр. Қазірге дейін дала еңбеккерлері  ол жерлерді толық игеріп, тәтті түбір тұқымын сеуіп  үлгерген.  Мәселен,  Абай ауылының дала еңбеккерлері былтыр 100 гектар жерге қызылша ексе, биыл тағы да балтамырды баптауға баса мән беріп отыр. Сонымен қатар, Қарақыстақ ауылдық округінің еңбеккерлерінің де  қызылшаға деген қызығушылығы жоғары. Себебі, тәтті түбірмен айналысушыларға үкіметтік көмек биыл тағы да қомақты болмақшы.

Бейбітжан НАМАЗБАЕВ           ШҚ төрағасы

Жалпы облыс бойынша биыл 8 мың 700 гектар жерге қызылша алқабы игерілмекші. Биыл балтамырды баптауға шаруаларға деген көмек те артып отыр. Мәселен: өткен жылдары қант қызылшасының әр келісін зауыт шаруалардан 8 теңгеге сатып алса, биыл ол 10- теңгеге көтеріліпті. Бұдан бөлек үкіметтің субсидиясы тағы бар.

Ерлан ҚҰЛКЕЕВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көктемгі дала жұмыстарына өңір үшін 18 мың тонна дизельдік отын бөлінген. Оны босататын операторлар белгіленіп, шаруаларға жеткізіп беруде. Ауа-райының қолайсыздығы біраз қолбайлау болғанына қарамастан   шаруалар, көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде аяқтауды жоспарлап отыр.

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ, АСҚАР ӘДІЛ  «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»   

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар