ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ

15:27, 6 наурыз 2019

Қант қызылшасын өсіруге қажетті  техника алатын болсаңыз оның 35 пайызын мемлекет төлеп береді. Сондай ақ, бидай егетін техникаға да мемлекет тарапына субмидяи беріледі.  Бұл  дихандардың шаруасын ширатуына сеп болмақ. Аймақтағы көтемгі дала жұмыстарына дайындық барысын Айбол қарашев..

Шу ауданы Бәйідбек ауылында орналасқан «Дулат-ЖайсаҢ» шаруа қожалығы биылғы жылы 100 гектар жерге қант қызылшасын, 2000 гектар жерге бидай екпекші. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүруде. Ол бірінші кезекте техниканың мүмкіндігін тексеруден басталады.

Болат КӨКЕНОВ «ДУЛАТ-ЖАЙСАҢ» ШҚ БРИГАДИРІ

Бұл шаруашылықта қазір 20- шақты техника бар. Оның басым көпшілігінің жағдайы жақсы. Мәселен: ауыл еңбеккерлері өткен жылы екі су жаңа Беларусь тракторын лизингке алған. Ол үшін шаруаларға 7- пайыздық жеңілдік болса, биыл қант қызылшасы үшін екі дән сепкіш құрылғысы алынды. Мұның да 35 пайыз ақшасын мемлекет қайтарып береді.

Ардақ ӨТЕБАЕВ МЕХАНИЗАТОР

 Жалпы, Шу ауданы бойынша қазір көктемгі дала жұмыстары басталып кетті. Өткен жылы аудан 88 млрд. теңгенің өнімін өндірсе, оның 46 млрд. теңгесі ауылшаруашылығы саласына тиесілі екен. Техника жаңарту жұмыстарын биыл да жоспардан тыс орындаймыз дейді аудан атқамінерлері.

Әлихан БАЛҚЫБЕКОВ ШУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ал, Бәйдібек ауылында орналасқан «Дулат-Жайсан» серіктестігі бидай егістігінің көлемін арттыру арқылы болашақта Шу жерінен үлкен диірмен соғатындығын айтады. Ол осы арқылы ауданды ұн өнімдерімен қамтамасыз етпек.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар