“Көкжалдар” көркем фильмінің алғашқы көрсетілімі

15:58, 14 қараша 2017

Қасқырдың арланын атқан аңшының ұлы бөрілердің үйірінде  тірі жүргендігін адамдар 20 жылдан кейін ғана байқайды. Таразда белгілі режиссёр Еркін Рақышевтың осындай шытырман оқиғаға толы «Көкжалдар» көркем фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.  Аңыз бен шындық бейнеленген кино картинаның алғашқы көрермендері«Көкбөрінің ұрпағы екендігімізді көрсететін тарихитуынды» депбағалады.

Фильм аңшының қасқырдың арланын атып алуынан басталады. Тірі қалған қасқырдың жұбы кек аламақшы болып, аңшының үш айлық нәрестесін ұрлап кетеді де, оны өлтірмей асырайды.Фильмнің желісін қасқыр баланы ұстау кезінде болған түрлі шытырман оқиғалар құрайды. Арада жиырма жыл өткенде Ақсу-Жабағылы қорығында түз тағысымен бірге адам тектес жаратылыс иесінің жүргені жайлы адамдар арасындағы әңгімелерден кейін, ұстауға арнайы топ құрылады. Ал, көрермендер шығарманың немен аяқталатынын бір айдан кейін ғана фильм прокатқа шыққанда көре алады.

Еркін Рақышев, «Көкжалдар» фильмнің режиссёрі

Бабаларымыз болашақ ұрпағымыз қасқырлар сияқты мінезді, салтына, сертіне берік болса екен деп, қасқырлар сияқты еркіндікте, тәуелсіздікте өмір сүрсе екен деген.Бүгінгі киноның мақсатының бірі сол қасқырдың текті мінезін көрсету арқылы жастардың санасын ояту, рухын ояту.

Мұхаммед Пернебек, көрермен

Мен бүгін Еркін Рақышев ағамыздың “Көкжалдар” фильмін көріп шықтым.Маған бұл фильм өте қатты әсер қалдырды. Яғни, оны айтудағы себебім, қасқыр мен адамның бейнесін біріктіріп, ұқсастырған. Ағама тағы да осындай жетістіктер тілеймін және алдағы уақытта да фильм түсірген кезде келіп көруге дайынбыз.

Нұртаза Шоқатаев, Нұрлыбек Құдияров, “Жаңалықтар қызметі”

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...