ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ҚОЛ ЖЕТПЕС КӨККЕ - ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАҒА!

14:53, 2 мамыр 2019

Қол жетпес көкке қол жетімді бағамен қалықтайтын мүмкіндік. Кеше алғаш рет «Астана ЭЙР» компаниясының «Fly Arystan» ұшағы «Әулиеата» әуежайына сәтті қонды. Ендігі жерде Тараз бен Алматы қалалары  аралығындағы жол сапарлар мерзімі  едәуір қысқармақ. Әуе тасымалы 1 мамырдан бастап ашылды. Алғашқы рейстің қонуына куә болып қайтқан Райхан Шәлібекқызының репортажы.

«Әулиеата» әуежайында тарихи сәт. Бұған дейін жарнамасы жер жарған «Fly Arystan» бүгін алғашқы сапарын бастады. Алматы-Тараз, Тараз-Алматы бағытында күнделікті жол сапарлар уақыты едәуір қысқармақ. Заманауи Airbus A320 ұшағы 180 орынға арналған.

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

«Эйр Астана» әуе компаниясының департаменті болғандықтан, барлық инженерлік флот, ұшақ командирлері, борд серіктестері тәжірибесі мол мамандар. Қауіпсіздік жағы толық қамтамасыз етілген. Алғашқы әуесапарына куә болған жолаушылар да мұны растап отыр.

Сондай-ақ, басқа да қызметтер мен қол жүктерін қоса есептегенде тарифтеріне қарай 5-6 мың теңге аралығында болады. 1 кісі қосымша ақша төлеп 60 келіге дейін жол жүгін алып бара алады. Және де бордтық тағамға тапсырыс беру бойынша алдын ала сайттан немесе ұшақта төлем картасымен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Орынды таңдау, алғаш рет ұшаққа отырғандарға қажетті кеңестер беру секілді қызмет түрлері де бар.

Жанар Жайлауова Әуе компаниясының өкілі

Осылайша әуе компаниясы Тараз - Алматы арасында жылына  130 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды көздеп отыр. Алматыдан –Таразға 19:20 -да ұшса,  20:50– де кері қайтады.  Алдағы уақытта тиімді бағадағы әуе жолы  туризм саласының дамуына да оң септігін тигізеді деген де үміт бар.

Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар Терлікбай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар