ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСКЕ ТҰСАУ САЛЫНДЫ

18:44, 13 тамыз 2019

Елімізде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жүргізу жұмыстары қарқын алып келеді. Мәселен жыл басынан бері аймақта заңсыз ашылған 7 құмар ойын нысандары анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.  

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басышылығының айтуынша алдағы үш жылда көлеңкелі бизнесті 2 есеге дейін азайту көзделген. Аталған департаменттің негізгі қызметі - салық, кеден және қаржы салаларындағы құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеу тексеру, жолын кесу және ескерту. Бүгінде облыс аймақтарында,  ойын-сауық орындарымен валюта айырбастау пунктерінде заңсыздыққа жол бермеу хабарламалары таратылған. Ал, заңға қайшы жұмыс істеп келгендердің ісіне тосқауыл қойылған. Бұдан бөлек, көрші Қырғыстан елінен заңсыз тасымалданатын құны 187 млн теңге болатын темекі заттарының жолы кесілген.

Ержан Кенжебаев  / Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары  / Көрші Қырғыз елінен одан басқа да акцияздік маркасы жоқ ара-шарап өнімдері тасымалданады....

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар