ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ КЕШЕНДІ РЕТТЕЛЕДІ

18:51, 11 қыркүйек 2019

Таразда жол қозғалысы жеңілдей түседі. Осы орайда, ақылды бағдаршамдар мен жол белгілері көбейіп жатыр. Енді, үлкен жол айырықтарына  ақ жолақтар сызылады. Бұл   көлік қозғалысын реттеп,  тәрітпті түзеп,  қауіпсіздікті сақтауға сеп болмақ дейді мамандар.   Пресс тур арқылы таныстырылған жаңалықтарды Аян Ермекұлы  жеткізеді.

Пресс турға қатысушылар қала көшелеріне шарлап,  жаңартылған бағдаршамдар мен жол белгілерін барлап көрді.  Ал, сала мамандарының айтуынша осы жылы облыс автожолдарына 2200 жол белгісі орнатылған екен. Қосымша  жол жабындылары мен қоршау құрылғылар да қалыпқа келген. Дегенмен, кемшіліктер де аз емес.

Ержан ДҮЙСЕБЕКҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Тас жолдағы тәртіп пен жүйе маңызды дейді  Әбдірахман Юлдашев. Ол  көлік тізгіндегелі  45 жыл болған. Сол уақыттан бері апатқа түсіп, жол ережесін бұзып көрмепті.  Оның айтуынша, көлік айдағанда белгі мен бағдаршамға назар аударған жөн.

Әбдірахман ЮЛДАШЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 45 жылдық тәжірибесі бар көлік жүргізушісі ретінде айтайын. Осы уақытқа дейін қаламыздағы жолдарда көп өзгерістер болды. Мысалыға, Төле би көшесін қараңыз. Алты жолақты. Осындай көшелердің біразында жүргізушілер бір-бірімізге кедергі жасамайтын болдық. Бұл өте жақсы. Сондықтан біз үшін қала көшелері ыңғайымызға жарап тұр.

  Сондай-ақ, бүгінде қала ішінде 135 бағдаршам бар болса, оның 98-іне қайта құру жұмыстары жүргізіліпті. Маңызды дейтін 10 негізгі жол қиылыстарында «Ақылды бағдаршам» желілік бағдарламасы орнатылып, көліктердің алты жолақты қозғалысы ұйымдастырылған. Нәтижесінде кептелістер азайтылып, оң жақты бұрылыстар соғылуда.

Ержан ДҮЙСЕБЕКҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Ал, сол жақты бұрылыс үшін ақ жолақтар пайда болуда. Қазірдің өзінде Төле би мен Әл-Фараби көшесі қиылысында сызылып біткен.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар