ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӨНЕ ТАРИХ КӨП ТОМДЫҚТА

20:29, 18 маусым 2019

Әулиеата өңірінің өткені өнегеге, тарихы тағылымға бай. Ал оны зерттеп, зерделеп, қаттап қағазға түсіріп,  келер ұрпаққа аманаттау – бүгінгілерге артылар мерейлі міндет, қасиетті парыз. Қазіргі таңда бұл бағытта баянды бастамалар мен жүйелі жұмыстар қолға алына бастады деуге толық негіз бар. Ол туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты айтылып, сараланды Тарихшы ғалымдар, жазушылар қатысқан басқосуда «Қазақ елі-түрік мәдениетінің мирасқоры» атты ғылыми-теориялық конференция матриалдарын және облыстың 80 жылдығына орай көптомдық кітаптар жинағын шығару барысы қаралды.

Жиында сөз алғандар өңірімізде өтетін халықаралық конференцияға дайындық барысы, оны өткізу жоспар-жобасы туралы кеңінен әңгімеледі. Спикерлер өз кезегінде Түрік қағанаты мен Тараз өңірінің байланысы, өңіріміздегі көптеген жер-су атауларының түбірі түрік сөзінен  алынғандығы туралы жан-жақты баяндады. Атлах, Аңырақай шайқастарының тарихи маңыздылығы да тілге тиек етілді.

Жанұзақ ӘКІМ / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ал, шығыстанушы, дінтанушы, профессор Әбсаттар Қажы Дербісәлі өз зерттеулеріне тоқталып, бүгінде Тараздан шыққан 54 Таразидің анықталғанын жеткізді. Профессордың айтуынша, бұлардың бәрі ойшыл, ғалымдар.     

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ / ШЫҒЫСТАНУШЫ, ПРОФЕССОР

Өзге де жиынға қатысқандар орамды ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, жиында өңір басшысына көптомдық кітаптар жинағының  дайындық барысы туралы баяндалды. Айта кету керек, аталмыш көптомдықтың облыстың сексен жылдық мерейтойына орай 80 томын ағымдағы жылы жарыққа шығару жоспарланған болатын. Бүгінде бұл жоспардың жартысынан көбі баспаға берілуге даяр екен.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аймақ басшысы бұл орайда жоспарды орындаймыз деп, сапасыз дүниеге бой алдырып алмауға, көптомдыққа неғұрлым маңызды мағлұматтар мен қат дүниелерге негізделген материалдарды топтастыру керектігін баса айтты. Асқар Исабекұлы, қажет болған жағдайда бұл жұмыстармен жүйелі түрде айналысатын тарихтану орталығын құру қажеттілігіне көңіл бөлді. Ол үшін жергілікті басшылық барлық жағдайды жасамақ.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі «Қазақ елі-түрік мәдениетінің мирасқоры» атты ғылыми-теориялық конференцияның атауының тым ауқымды екенін жеткізіп, конференция тақырыбы Тараз тарихын насихаттауға негізделуіне назар аудартты. Сондай-ақ, конференцияны облыстың  мерейтойына орай ашылуы жоспарланған Шахристан тарихи-мәдени кешенінде өткізудің тиімділігі сөз болды. Асқар Мырзахметов өз сөзінде бірқатар ұтымды ұсыныстарға пікір білдіріп, жоспарланған «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінен Атлах, Аңырақай және өзге де тарихи оқиғаларға қатысты нысандар бой көтеретінін, ұсынылған «Қағандар аллеясын» да  сол маңнан салуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың тек бір күндік шаралармен үзілмеуін,  баянды бастаманың тағылымын жас ұрпақтың санасына мықтап тоқытып,  оларға туған өлкелерінің тарихын жіті тануға шақыру керектігін айрықша атап өтті. Бұл орайда дәстүрлі түрде «Өз өлкеңнің тарихын білесін бе?» секілді шартты тақырып аясында байқау өткізіп отырудың маңыздылығына тоқталды. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға  нақты міндеттер жүктеліп, тапсырмалар жолданды.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Жанғазы АХМЕТ, Марат ТАУБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...